Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Бұл әлеуметтік маңызы бар ұйым. Бірақ біз оның құқы мен міндеттерін және мақсатын түсіне білеміз бе? Расында кәсіподақ санаторийге жолдама алып беру емес. Ол қарамағындағы жұмысшылардың құқын қорғау. Сондықтан біз оған сене білуіміз керек және оған арқа сүйегеніміз де абзал.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі өзінің сөйлеген сөздерінде және Жолдауларында жұмысшылардың құқы қорғалуы қажеттігін үнемі айтып келеді. Ал ол үшін ең алдымен жұмысшылар кімге арқа сүйеуі тиіс? Олардың өндіріс жағдайында әртүрлі жазатайым оқиғалар орын алып қалса, құқын кім қорғайды? Сондықтан да біз ең алдымен ұжымдағы жұмысшының мүддесін қорғайтын кәсіподақ атты іргелі ұйымның барына және оның жұмысына сене білуіміз керек. Өйткені кәсіподақ ұйымы еңбек дауларының алдын алады. Бірақ біз ең алдымен өндіріс барысында әртүрлі жағдай орын алып жатса, кімге жүгінеміз? Әрине, кәсіподақ ұйымына! Сондықтан қай жерде, қай мекемеде жұмыс істеп жүрсек те, ең алдымен өз құқымызды қорғауымыз керек. Ал біз сондықтан да кәсіподаққа арқа сүйейміз.
Кәсіподақ ұйымының қызметі дегенде біздің есімізге не келеді.? Аталған ұйым үнемі әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп отырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды үнемі қамқорлыққа алады, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетеді. Олардың еңбек демалысын лайықты өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ...
Жалпы кейінгі кезде еңбек ұжымы мен ондағы басшылар арасында әртүрлі жағдайлар, атап айтқанда келіспеушіліктер орын алып жатады. Көбінесе бұл жалақыға қатысты болатыны сөзсіз. Сондықтан алдымен заңға өзгерістер енгізу керек болды. Осыған орай Елбасы тапсырмасына байланысты жаңадан, яғни 2014 жылы «Кәсіподақтар туралы» заң қабылданды.
Қазір жұмысшылар мен ұжымның мүддесін қорғайтын ең ірі Кәсіподақтар федерациясы бар. Оның төрағасы – Бақытжан Әбдірайым. Белсенді қызмет істеп жатқан ұйым шындығында да бүгінге жұмысшылардың мүддесін қорғау үшін лайықты жұмыс істеуде. Рас, экономика қазіргідей нарықтық қатынастарға дендеп енген тұста еңбек дауларының көбеюі заңдылық. Бірақ оны қалай шешу керек? Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы әр аймақта «Татуласу орталығын» құрды. Ал мұның қажеттілігі қанша? Мамандардың айтуынша, бұл өте қажет. Өйткені бұл орталық екі тараптың кикілжіңін болдырмайды және орын алған оқыс оқиғаның алдын алады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы кәсіподақ федерациясына мүше 2 миллионнан астам адам бар. Демек, олардың құқын қорғау –кәсіподақтың қолында. «Татуласу орталығының» құрылу себебінің сыры да осы. Қазір елімізде осындай 17 орталық бар.
Расында да қазіргі уақытта жергілікті билік қана емес, шетелдіктердің басқаруындағы өндірістегі орын алатын еңбек дауларында кәсіподақ отандық жұмысшылардың құқын қорғауда. Мәліметке жүгінер болсақ, кәсіподақ ұйымының араласуының арқасында еңбек даулары 2018 жылы 2,5 есеге дейін азайған. Қазіргі кезде жұмыс жағдайында немесе өндірістік жарақат алғандардың да саны кеміді.
Әрдайым жұмысшылардың және еңбек ұжымындағы өкілдердің мүддесін көздейтін кәсіподақ сөйтіп, қазір еліміздегі ең іргелі ұйымға айналды. Оның құрамында 2 миллионға жуық мүше барын айттық. Жыл өткен сайын бастауыш ұйымдардың да саны артып, оның жергілікті жердегі де беделі айқын көріне бастады. Әрине, кәсіподақ ұйымының беделі әсіресе, мыңдаған жұмысшылар істейтін кәсіпорын мен өндіріс орындарында өте жоғары. Ендігі уақытта кәсіподақтың абыройын шағын және орта кәсіпкерлік саласында арттыру көзделуде. Бұл да алдағы уақытта жүзеге асатын жайт. Сондықтан кәсіподаққа мүше болудың артығы жоқ. Өйткені сенің мүддеңді кәсіподақ қана көздейді.
Пікір қалдыру